Қос жатақхананың бірі Қостанай медициналық колледжіне тиесілі. Оған 250 студент сияды. Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ермек Айтмағамбетовтың айтуынша, 700 млн теңгеге салынып жатқан жатақхананың құрылысы жыл соңына таман аяқталады.
500 студентке арналған екінші жатақхана Қостанай автомобиль көлігі колледжінде салынып жатыр. Құны 1 жарым млрд теңге болатын бұл нысан келер жылы пайдалануға берілмек.
Қостанай облысы