Дәл осы күні тағы бір петропавлдық өзінің интернет-алаяқтың құрбаны болғанын айтып полицияға шағым берген. Бірақ бұл жолы алаяқ ізін суытпай ұсталды. Ол осындай қылмыспен бұрын да белгілі болған 1998 жылы туған жәбірленушінің танысы болып шықты. Жәбірленушінің құжаттарындағы деректерін алдау жолымен қолына түсіріп алған ол өзінің арам ойын іске асырған. «Алаяқтардың барлық түрлері азаматтардың аңғалдықтарын пайдаланады. Қандай жағдай болмаса да, жеке басы және қаржысы туралы ақпартты бөтен адамдарға беруге болмайды. Оларға: жеке басын куәландыратын құжат, ЖСН, төлем карточкаларының деректемелері жатады. Күдік туындаған жағдайда бірден банк бөлімшесіне немес call-орталығына хабарласу қажет. Сонымен бірге интернет-алаяқтардың құрығына түссеңіз, шұғыл полицияға жүгінген жөн», - дейді СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.
Ем-домға қолданатын кушетка сатамын деп хабарландыру берген тұрғынға көп кешікпей болашақ клиенттен сұраныс түседі. Тауарды көрмей, тек алдарқатып әрнемесін сұрап, сосын: «маған банк карточкаңыздың номерін айта қойыңыз, мен ақшаңызды аудара қояйын» дейді «алушы». Одан арғы әрекеттер көмескі. Бірдеңеден секем алған әйел банк менеджеріне телефон соғып, өзінің есепшотындағы операциялар туралы сұрағанда үлкен соманың алынғанын естіп, санды бір-ақ соғады. Ал «сатып алушыға» хабарласса оның телефоны сөндірулі болған. Қазір алаяқ құрбанының арызы бойынша іздестіру шаралары жасалуда.
Жаңа тариф жергілікті халыққа тиімді
Табиғат • Кеше
Қарағанды облысында алты жасар бала өзенге батып кеткен
Төтенше жағдай • Кеше
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Кеше
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Кеше