Трактор шөп маялап жатқан жердегі сүрлем сақтайтын ұзын ұрада жұмыс істеп жатқан. Қандай себеппен оның орға құлағаны әзірге белгісіз. Жапырылып қалған кабинадан 43 жастағы тракторшыны алып шыққанда оның жан тапсырғаны белгілі болады.
Қазір аталған факті Қылмыстық кодекстің «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзуды» қарастыратын 156-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізіліп, бірқатар қажетті сараптамалар жасалуда.