Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

"Процентоманияны" қудалаушылар кәсібиліктен адасып қалмай ма?

164 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда "Nur Otan" партиясы СҚО филиалы бойынша праймеризге тіркелушілермен партияның жақтастар лигасының бақылаушысы, саясаттанушы Қазбек Майгелдинов кездесіп, мәслихатта әйелдер мен жастар үлесінің төмендігіне өзінің алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

"Процентоманияны" қудалаушылар кәсібиліктен адасып қалмай ма?

Сарапшының айтуына қарағанда партиялық праймериздегі басты жаңалықтарының бірі - әйелдер мен жастардың өкілетті органдардағы квотасын сақтау болып табылады. Олар тиісінше 30 және 20 пайыз болуы керек. Осы талап пен партия ішіндегі іріктеу ережелерінің тиісінше  орындалуын бақылау үшін "Nur Otan" партиясында жақтастар лигасы құрылған.

"Өңірлерде бір үлкен мәселе бар: жылдан жылға бұрынғы депутаттар мәслихатқа сайланады, ал оларды халық білмейді. Нақты адамдар мәселелерді жаңа идеялармен шешу үшін, депутаттық корпусты жаңарту қажет. Қазір республикада 216 мәслихат жұмыс істейді, онда жастардың үлесі тек 2 пайыз ғана", Қазбек Майгелдинов.

Саясаттанушы бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатындағы депутаттардың ішінде 35 жасқа дейінгі бірде-бір жас азаматтың жоқ екенін айтты. Соңдай-ақ, осында әйелдер тек 2 пайызды ғана құрайтынын ол кемістік ретінде бағалайтынын айтты.

"Алдағы праймеризда жастар өзекті мәселелерді шешу үшін, жергілікті өкілетті органдарға кіру мүмкіндігіне ие болуы керек. Ал қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысу үшін әйелдер 30 пайыздық квота алуы маңызды", деп атап айтты бақылаушы.

Алайда ол мәслихаттардың кәсібилігін, білікті мамандармен толықтырылуы керектігін ауызға алмады. Тек әйелдер мен жастардың үлесі сақталуын ғана қадағалап отыр. Осының өзі баяғы «процентомания» емес пе деген сауал туады. 

ПЕТРОПАВЛ