Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Праймериз: Лига өкілдері өңірлерді аралап жүр

165 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қостанай облысына "Nur Otan" партиясы жақтастары лигасының мүшесі, саясаттанушы Бауыржан Серікбаев жұмыс сапарымен келді. Ол бірнеше ауданды аралап, праймериз аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен таныспақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Праймериз: Лига өкілдері өңірлерді аралап жүр

Лига мүшесі алдымен праймеризге қатысушылармен және партия белсенділерімен кездесті. Жиынға қатысушылар партия жақтастары өкіліне ішкі іріктеуге не себепті қатысатынын және праймеризден не күтетіндерін айтып берді.  Партияішілік іріктеуге қатысушылардың бірі - облыстық іскер әйелдер қауымдастығының өкілі Қырмызы Жаңбыршина.

- Праймериз  – елімізде өтіп жатқан ауқымды әрі маңызды саяси іс-шара. Оны біздің "Nur Otan"  партиясы өткізіп жатқанына өз басым өте қуаныштымын. Көп уақыттан бері партия мүшесі бола тұра, шетте қалғым келмеді. Менде қатысамын деп шештім. Себебі, бұл әрқайсымыз үшін үлкен мүмкіндік. Өзім ауылда өскендіктен, праймеризде  шалғай ауылдардың мәселесін көтергім келеді. Қазіргі таңда түйіні тарқатылмаған мәселе жетерлік. Праймериздің арқасында көпшілік көкейінде жүрген бірқатар мәселелерді шешуге көмектесемін деген ойдамын, – деді ол.

Жиынға қатысушыларға Бауыржан Серікбаев лига жұмысы туралы айтып берді.

- Лига қоғамның қажеттіліктерін ескере отырып, өңірлерді дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді. Біз үшін аймақтардағы өзекті мәселелерді шешілуіне септігі тиетін пікірлер мен бастамалар өте маңызды. Бүгін аймақта атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстық. Бұған қоса, бірнеше ауданды аралап, біраз мәселелерді қарастырамыз. Жергілікті халықтың ұсыныс-тілегі партияның қарауына жіберіледі. Лига өкілдері ішкі партиялық іріктеуді өткізудің ашықтығы мен тұтастығын сырттай тәуелсіз бақылау процесін ұйымдастырады. Айқындық пен бәсекелестік – "Nur Otan" партиясының басты қағидаттары. Біз үшін шынайы бәсекелестік жағдайында нағыз мықтыларды анықтау маңызды, – деді партия жақтастары лигасының мүшесі.

Қостанай облысы