Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

30-ға жуық тұрғынды алдаған азаматша бас бостандығынан айырылды

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-ға жуық тұрғынды алдаған азаматша бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

30-ға жуық тұрғынды алдаған азаматша бас бостандығынан айырылды

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Түркістан облысының полиция өкілдері ағымдағы жылдың сәуір айында жұмысқа орналастырамын деп 30-ға жуық тұрғынды алдаған әйелді қолға түсірген еді. Азаматша ешқайда тіркелмеген мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту орталығына жұмысқа қабылдаймын деп, 300 мың мен 700 мың аралығындағы соманы қалтасына басқан.

Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді.

Жеткілікті дәлелдемелер негізінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, ҚР ҚПК 612-бабының "...Онша ауыр емес, ауырлығы орташа, не ауыр қылмыстар бойынша – күдікті, айыпталушы келтірілген күдікпен, айыптаумен келіскен жағдайда – кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы" талапқа сай Мақтаарал аудандық сотына жолданған. Мақтаарал аудандық сотының үкімімен азаматшаға 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.