Медицина • 28 Тамыз, 2020

Алексей Цой медицина қызметкерлерін марапаттады

140 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алексей Цой медицина қызметкерлерін марапаттады

Марапаттау рәсімінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Еліміздің конституциялық дамуының бірегей тұжырымдамасын қалыптастыруда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенддігін атып өтті. Еліміздің басты Заңы Елбасының институционалдық реформалары мен саяси бастамаларын қамтиды.

"Конституциямызда адам, оның өмірі, құқығы мен бостандықтары сынды ең жоғары құндылықтар бекітілген және азаматтардың мүддесіне қызмет етеді. Еліміздің негізгі Заңы халықтың денсаулық сақтау сынды басты құқығын қорғайды. Басты құқықтық құжаттың 29-бабында азаматтардың тегін кепілдендірілген медициналық көмек алу құқығы бекітілген", деді А. Цой.

Мерекелік күнге орай еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 150 медицина қызметкерін, Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлерін және өңірлердегі денсаулық сақтау жүйесі өкілдерін Конституцияның 25 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Мерекелік медаль "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығы" Бас директоры-Басқарма төрағасы Ерік Байжүнісовке, Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбековаға, ALMAU Денсаулық сақтау менеджерлерін даярлау бойынша оқытушы Татьяна Иссыкке, Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және стандарттау департаментінің директоры Александр Костюкке, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Гүлнар Құсбекова, медициналық-әлеуметтік көмек департаменті әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде медициналық көмек басқармасының басшысы Гүлнар Мақсұтова, Қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының бас сарапшысы Рабиға Милыбаева, медициналық-әлеуметтік көмек департаменті медициналық оңалту басқармасының бас сарапшысы Гүлзира Тәжібаева және Денсаулық сақтау министрлігі мен ведомствоға қарасты ұйымдардағы бірқатар мамандарға табысталды.

Салтанатты жиынға мерекелік медальға ие болған қызметкерлердің төртеуі ғана қатысты, қалғандары Webex бойынша қашықтан марапатталды.