Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Іле Алатау тауларында туристер құтқарылды

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Республикалық жедел-құтқару жасағы кезекті іздестіру-құтқару операциясын сәтті аяқтады, деп хабарлайды Egemen.kz

Іле Алатау тауларында туристер құтқарылды

Үлкен Алматы көлінің маңында төрт адам жоғалып кеткен. Туристер жедел-құтқару жасағына хабарласып көмек сұрайды. Олар Теміртау қаласы мен Қарағанды қаласының тұрғындары болып шықты. Туристердің ішінде бір жігіт пен үш қыз баласы болған. Ауа райының күрт бұзылуына қарамастан, тау беткейінде жүре беруді жалғастырған.

Жол ортасында қатты нөсер жауын басталып, ауа температурасы да түсе бастады. Қыздардың бірі тасқа тайып құлап, тізесін жарақтап алады.

Оқиға орнына дереу жедел-құтқару жасағы келіп зардап шеккендерге көмектесті. Олар келсе, туристер теңіз деңгейінен шамамен 1600 метр биіктікке алыстап кеткен. Құтқарушылар туристерді төменге түсіргеннен кейін қауіпсіз жерге жеткізді. Алайда, олар дәрігердердің көмегінен бас тартты. 

Құтқарушылар жасағы тауға жиналар алдында адамдарға қауіпсіздік қағидаларын сақтау қажет екенін, сондай-ақ өзіңізбен бірге қосымша жылы киім алып алуды және ауа-райы болжамымен танысуды ескертеді.