"Өтініштердің басым көбі медициналық және әлеуметтік көмек көрсетуге, сондай-ақ, еңбек қатынастары мәселелеріне байланысты болып отыр. Қазір ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен ұсынылған сервистік әкімдік форматында Атырау қаласы мен аудандар әкімдігінде фронт-кеңсе ашу мәселесі қарастырылып жатыр", дейді Жандос Бөлекбаев.
Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің пікірінше, азаматтардың шағымдары мен өтініштерін жедел қарауға, олар көтерген мәселелердің тез әрі оң шешілуіне назар аударылып отыр.
"Біздің жұмысымыздың негізгі мақсаты – "халық үніне құлақ асатын әкімдік" қалыптастыру. Әр арыз-шағымның артында азаматтарымыздың мұң-мұқтажы мен тағдыры тұр. Сондықтан, әрбір мәселенің маңыздылығын ескере отырып, тапсырмаларды мерзімінде, сапалы орындауды қамтамасыз етуіміз қажет. Берілген тапсырма мүлтіксіз орындалуы тиіс. Тапсырмалардың орындалысына бірінші басшы жауапты екендігін қатаң ескертемін", деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.