Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

Қызылжарда кроссфиттен облыстық чемпионат өтті

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кроссфиттің не екенін көп адамдар біле бермейді. Ол өртсөндірушілердің көпсайысы. Көпсайыс Қазақстан Конституциясының 25 жылдығына арналды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылжарда кроссфиттен облыстық чемпионат өтті

Кроссфитке Солтүстік Қазақстан ТЖ департаментінің барлық бөліністерінен командалар қатысты. Олар бағдарлама бойынша 13 түрлі күрделі жаттығулар бойынша жарысты. Соның ішінде 24 кг гірлерді бірнеше рет көтеру, су шлангыларын сүйрете жүгіру, ауыр автомобиль дөңгелектерін төңкеру, газ балондарын алысқа жеткізу, зардап шегушінің орнына қолданылған манекендерді тасымалдау, тіпті автомобильдерді 40 метрге дейін сүйреу және т.б. болды. 

Тартысты күресте жеке есеп бойынша ең мықты және шыдамды болып Петропавл қаласындағы  №2 өртсөндіру бөлімінің құтқарушысы Арман Нұрпейіс танылды. Екінші орынды Ақжар ауданының өкілі Руслан Мұстафин және үшінші жүлделі орынды №2 өртсөндіру бөлімінің тағы бір өкілі Жандос Қазкен иеленді. Командалық есеп бойынша да Петропавлдың  №2 өртсөндіру бөлімі жеңімпаз болды.

Барлық жеңімпаздарға және қатысушыларға жүлделер берілді және оларды СҚО ТЖ департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғаныстың аолковнигі Нұрлан Атығаев пен ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағынбай Уәлиев құттықтады.

ҚЫЗЫЛЖАР