Аймақтар • 28 Тамыз, 2020

"Құқықтық тәртіп" шарасы жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жүрген 163 фактісін анықтады

1080 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасына қорытынды жасап, 3 күннің ішінде ғана түн кезген 163 жасөспірім тоқтатылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Құқықтық тәртіп" шарасы жасөспірімдердің беймезгіл уақытта жүрген 163 фактісін анықтады

Іс-шара барысында жол ережелерін сақтау, есептегі адамдардың үйде болуын тексеру, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты басқа да жұмыстар қамтылды. Сонымен бірге жаңа оқу жылы қарсаңында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударылды.

Ювеналдық полиция қызметкерлері тұрмысы қолайсыз отбасыларын тексеріп, жасөспірімдер жиналатын жерлерге рейдтер жүргізді. Түнгі тексерістердің бірінде Петропавл қаласындағы "Берёзовая Роща" демалыс базасында 2002-2005 жылдары туған төрт кәмелетке толмағандар анықталды.

Енді олардың ата-аналарына балаларының карантиндік шектеулерді бұзғандарына, түнде үйден тыс болғандары және алкогольдік ішімдік ішкендері үшін жауап беруге тура келді. Карантинді бұзғаны үшін демалыс орталығының әкімшілігі де жауапкершілікке тартылды.

"Жедел-профилактикалық іс-шараның үш күнінде балалардың түнгі уақытта қараусыз жүруінің 163 фактісі анықталды", дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаев.

Іс-шара барысында 1826 түрлі құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде бала тәрбиесі бойынша ата-аналардың өз міндеттерін орындамауының 39 фактісі, қоғамдық орындарға мас күйінде келудің 350 фактісі, 150 ұсақ бұзақылық, 895 жол ережесін бұзу бар.

Солтүстік Қазақстан облысы