Экономика • 28 Тамыз, 2020

Салалық мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен Салалық мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиын барысында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және азаматтық авиация салаларының мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салалық мәселелер жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

Атап айтқанда, үй-коммуналдық шаруашылық саласында «Бір терезе» қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін портал мен ақпараттық жүйелерді жүргізу тәртібінің және Инженерлік-геологиялық ізденістерді жүзеге асыру қағидаларының жобалары мақұлданды.

"Е-Құрылыс" бірыңғай ақпараттық жүйесін енгізу, бұл одан әрі құрылыс саласының барлық субъектілері үшін бірыңғай онлайн платформа болып табылады.

Инженерлік-геологиялық ізденістерді жүзеге асыру қағидаларықұрылыстың жобалық дайындығын, сондай-ақ объектілерді салу, пайдалану және кейіннен кәдеге жарату кезеңінде орындалатын инженерлік-геологиялық ізденістерді негіздеу үшін инженерлік-геологиялық ізденістер өндірісінің жалпы талаптарын белгілеуге бағытталған.

Сондай-ақ, Сәулет, қала құрылысы, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау істері жөніндегі жергілікті атқарушы органдар қызметінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парақтары бойынша өзгерістер мақұлданды.

Азаматтық авиация саласында Кеңеспен  әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларының және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану қағидаларының жобалары қаралды. Жобалар бойынша салалық комитетке жіті пысықтау тапсырылды.