Аймақтар • 29 Тамыз, 2020

Қазалыда Coworking орталығы ашылды

562 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазалыда Coworking орталығы ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазалыда Coworking орталығы ашылды

Қазалыда жақында ғана жаңа ғимаратқа көшкен қалалық кітапханада Сoworking орталығы ашылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, орталықтың жұмысымен танысты. Мұнан соң кітапхана қызмектерлері Қазақстан жастарының жалынды жетекшісі Ғани Мұратбаев оқыған №16 мектептің тарихы туралы айтып беріп, жерлесіміз жайлы жазылған шығармалармен таныстырды.

– "Цифрлы Қазақстан" жобасы аясындағы бұл игі іс оқырмандар қатарын көбейтуге өзіндік ықпалын тигізері анық. Заман талабына сай, әлемдегі дамыған елдердің кітапханасында ұсынылатын қызмет түрін қазақ қоғамына енгізудің өзі – жаңару мен жаңғыруға бастаған үлкен қадамның бірі. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс, – деген Мұрат Нәлхожаұлы кітапхана қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

Кітапханашылардың айтуынша, Сoworking орталығы жастар мен жасөспірімдерге көп мүмкіндік береді. Бұл жерде қала жастары көптеген қызықты акцияларға, зияткерлік ойындарға және тағы басқа шараларға қатыса алады. Сонымен қатар орталықта шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойнайтын орындар да бар.