Білім • 30 Тамыз, 2020

Магистранттар мен докторанттардың сабағы қашан басталады?

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алдағы оқу жылында магистратурада және докторантурада білім алатын студенттерінің оқу барысы қалай жүзеге асатынын Білім және ғылым министрлігі Тelegram каналында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Магистранттар мен докторанттардың сабағы қашан басталады?

Магистратура

Магистранттарды оқыту 14 қыркүйекте қашықтан басталады.

31 тамызда кешенді тестілеу аяқталады;

5 қыркүйекке дейін грантқа өтініш қабылданады;

7 қыркүйекте гранттарды тағайындау бойынша конкурстың нәтижелерін жариялау жоспарлануда;

8 қыркүйектен бастап ЖАО (әкімдіктер) гранттарын тағайындау конкурсына құжаттарды қабылдау басталады;

11 қыркүйекке дейін ЖОО-ға қабылдау үшін өтініштер қабылданады.

2 курс магистранттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру магистранттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады. Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі. Осы кестені нақтылау үшін магистранттар өздерінің ЖОО-ларына хабарласулары керек.

 

Докторантура

Докторанттар оқуды 1 қыркүйекте қашықтан бастайды. 1 курс докторанттары үшін оқыту қашықтан жүргізіледі.

2-3 курс докторанттары үшін зерттеу жұмысы қашықтан ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру докторанттардың өтініштері бойынша зертханаларда жүзеге асырылады.

Зертханалық және практикалық сабақтар әлеуметтік қашықтық пен күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып, жеке кесте бойынша жүргізіледі. Осы кестені нақтылау үшін докторанттар өздерінің ЖОО-ларына хабарласулары керек.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025