Аймақтар • 30 Тамыз, 2020

Қостанайда медициналық мамандықтарға сұраныс жоғары

386 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысында медициналық мамандықтарға сұраныс жоғары , деп хабарлайды Egemen.kz

Қостанайда медициналық мамандықтарға сұраныс жоғары

Биыл Қостанай, Рудный, Арқалық қалаларындағы медициналық колледждерге оқуға қабылданғандар саны жылдағыдан екі есе көп. Мысалы, былтыр Қостанай жоғарғы медициналық колледжі жергілікті бюджеттің қаржыландыруымен 200, республикалық бюджет есебінен 15 баланы оқуға қабылдаған еді. Биыл аталмыш оқу ошағына облыстық бюджеттен 475, ал республика қазынасынан 25 студентке орын беріліп отыр.

Маусымның 25-інен бастап құжат қабылдай бастаған Қостанай медколледжіндегі қабылдау комиссиясы жұмысын 25-тамызда аяқтады. Оқу орнына биыл 1576 бала құжат тапсырып, 475-і іріктеу арқылы оқуға қабылданған. Олар орта медициналық мамандық шеңберіндегі 6 біліктілік бойынша білім алатын болады. Ал республика бюджетінен қаржыландырылатын 25 студент 1 жыл 6 айдан соң «кеңейтілген практика медбикесі» біліктілігін алып шығады.

Арқалық медициналық колледжі биыл жергілікті бюджет есебінен 75, келісім-шарт бойынша 39 абитуриентті оқуға қабылдады. Колледж емдеу ісі, фельдшер біліктілігі бойынша мамандар даярлайды.