Әлем • 31 Тамыз, 2020

Қазақстанның үлесі жоғары бағаланды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Дайго Фукурю Мару» музейінде Халықаралық ядролық сынақтарға қар­сы күніне, сондай-ақ Се­мей ядролық сы­нақ поли­гонының жа­былуы­ның 29 жылды­ғына орай арнайы фотокөрме ашылды.

Қазақстанның үлесі жоғары бағаланды

Көрме өткізіліп отырған музей траулер «Дайго Фукурю-мару» есімімен аталады. Оның экипажы 1954 жылы 1 наурызда Бикини атоллында американдық «Кастл Браво» сутегі бомбасын сынау нәтижесінде ауыр радиа­циялық жарақат алған болатын.

Мерейлі күнге орайласты­рылған көрме 5 қыркүйекке дейін созылады. Көрменің фото­суреттерінде Семей полиго­нындағы сынақтарды өткізу тарихы мен оның барысы, сондай-ақ «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы бейнеленген.

2016 жылы Қазақстан­ның Жа­­пониядағы елшілігінің бас­тамасымен мұражайда тұрақ­ты экспозиция ашылып, онда Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті Н.Назар­баев­тың Семей ядролық поли­го­нын жабу туралы тарихи ше­ші­мі туралы таныстырылған.

Жапония Парламенті Өкілдер палатасының депутаты, елдің бұрынғы қоршаған орта­ны қор­ғау министрі Йосиаки Харада, сондай-ақ Жа­пония атом және сутегі бом­балары құрбандары конфедерациясының төрағасы Теруми Танака Ядролық сынақ­тарға қарсы халықаралық іс-қи­мыл күніне қатысты өз ойларымен бөлісті. Жапондық депу­тат Қазақ­стан­ның ядролық қарусыз­дану үдерісіне қосқан ерекше үле­сін атап өтті. Конфедера­ция төр­аға­сы Қазақстан Республи­касы­ның Тұң­ғыш Прези­денті Н.Назар­баев­­тың жаһандық қауіп­сіздікті ны­ғай­ту­дағы және ядросыз әлем құ­рудағы жетекші рөлін жоғары бағалады.