Қоғам • 31 Тамыз, 2020

Жазасын өтеушілер Эрмитажға экскурсия жасады

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АК-159/20 мекемесінде жазасын өтеп жатқандар әлемдегі ең ірі әрі мазмұнға бай мәдени-тарихи мұражайлардың біріне онлайн экскурсия жасады.

Жазасын өтеушілер Эрмитажға экскурсия жасады

COVID-19 пандемиясына байланысты көптеген мұражай өз есіктерін онлайн режімінде аша бастады, осылайша интернетке шығу мүмкіндігі бар адамдарға өздерінің көрме залдарында экскурсия жасауға мүмкіндік берді. Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД АК-159/20 мекемесінде жазасын өтеп жатқан азаматтар әлемдегі ең танымал, көркем мәдени-тарихи музейлердің бірі саналатын Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында орналасқан «Мемлекеттік Эрмитажға» онлайн режімінде экскурсия жасады.

Мұражайдағы 365 залдың жалпы ұзындығы жиырма бес шақырымды құрайды. Эрмитаждың әр экспонатына бір минут назар аудару керек болса, онда мұражайды түгел көріп шығу үшін 6 жыл қажет болады.

Іс-шарадан кейін онлайн режімінде экскурсия жасаған жазасын өтеушілер өздерінің әсерлерімен бөлісті. Олар мұражай өздерінің қызығушылығын тудырғанын, скиф алтын әшекейлерінен бастап атақты Карл Фаберженің жұмысына дейінгі әртүрлі дәуірлердегі бұйымдар, сондай-ақ қалпына келтіру орталығының төбесі мен аспалы бақ бойынша онлайн серуен жақсы әсер еткенін сөз етісті.

«Осы шараны ұйымдастырған АК-159/20 мекемесінің қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Экскурсия онлайн режімінде өтсе де, әсері мол болды», дейді АК-159/20 мекемесінің сотталған қызметкері.

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД тәрбие бөлімі бастығының міндетін атқарушы, әділет майоры Ерлан Бейсекеев мұндай іс-шаралар сотталғандардың қоғамда әлеуметтік бейімделуіне мүмкіндік бере отырып, тәрбие процесіне оң әсерін тигізетінін жеткізді.