Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Әзілхановтың қатысуымен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Дін және патриотизм» деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның жұмысына Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының дін істері жөніндегі департаменттердің, ішкі саясат басқармаларының, қоғамдық және жастар-студенттер ұйымдарының, әскери құрылымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.
Жиынды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ашып, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің құттықтау лебізін жеткізді.
Дін істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы Марат Әзілхановтың қатысуымен М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де «Дін және патриотизм» деген тақырыпта республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Оның жұмысына Астана қаласы, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының дін істері жөніндегі департаменттердің, ішкі саясат басқармаларының, қоғамдық және жастар-студенттер ұйымдарының, әскери құрылымдардың өкілдері қатысып, өзекті мәселелерді талқылады.Жиынды облыс әкімінің орынбасары Фархад Қуанғанов ашып, аймақ басшысы Самат Ескендіровтің құттықтау лебізін жеткізді. Одан кейін шараға қатысушыларды өңірдегі діни ахуалдың жай-жапсарымен таныстырды. Бүгінде аймақта 160 діни нысан, 132 діни бірлестік ресми тіркелімге алынған. Адамдардың діни сезімін құрметтеу, жастарды имани қасиеттерге баулу, жат ағымдардан сақтандыру, конфессияаралық бірлік пен түсіністікті нығайту бағытында жүйелі істер атқарылып келеді.
М.Әзілханов «Дін және патриотизм» деген тақырыпта баяндама жасап, өз сөзін «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген жаңа қазақстандық патриотизм, дәстүр мен мәдениет, ұлттық салт-ғұрыптар, көпұлтты қоғамымыздағы діни көзқарас, дәстүрлі емес діни және жалған ағымдар төңірегінде өрбітті. Елбасы өз сөздерінде бабаларымыздың ұстанған адамгершілік, имани қасиеттерін үлгі етіп, жастар қауымын қоғамымызбен еш сыйыспайтын теріс әрекеттерден әркез сақтандырып келеді. Бүгінгідей ақпараттың тасқындаған заманында өскелең ұрпақты тура жолдан адастыруды көздейтін, теріс әрекеттерге жетелейтін ішкі, сыртқы жат элементтермен күресу оңай шаруа емес. Сондықтан елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сай келетін діни сауаттылық пен азаматтық сананы қалыптастыра отырып кез келген радикализммен, экстремизммен батыл күрес жүргізу, оған қарсы тығыз топтасқандығымызды қоя білуіміз керек. Біздің алдымызда жас буынды жаңа қазақстандық патриотизмге баулу міндеттері тұр. Бұл ұғымның аясы кең. Осы орайда, отанды, елді, туған жерді сүюдің, қадірлеп-қастерлеудің маңызы айтпаса да түсінікті.
Білім және ғылым министрлігінің басқарма басшысы Мақсат Мәжитов, республика Қарулы Күштері Құрлық әскерлері идеологиялық жұмыс орталығының жетекшісі Евгений Фролов, «Қызылжар» орталық мешітінің наиб-имамы Руслан Қайыргелді, Петропавл және Булаев епископы Гурий өз сөздерін саламатты өмір салты, азаматтық ұстаным, адамгершілік асыл құндылықтар, соқыр сенімнен қорғану секілді өзекті мәселелермен сабақтастырды.
Өмір ЕСҚАЛИ,
«Егемен Қазақстан».
Солтүстік Қазақстан облысы.