Спорт • 31 Тамыз, 2020

Беларусь және Латвиямен кездеседі

106 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан ұлттық құрама­сының бас бапкері Михал Билек УЕФА Ұлттар лигасының ойындарына ша­қырылған футболшылардың есімін жария етті.

Беларусь және Латвиямен кездеседі

УЕФА Ұлттар лигасының алғашқы ойындары қыркүйек айының бірінші он күніне белгіленген. 4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаң­да Литвамен ойнайды. Ал 7 қыркүйекте жерлестеріміз Алматыдағы «Орталық стадионда» Беларусь құрамасын қабылдайды. Ұлттық құраманың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызға жоспарланған. Ал оған төмендегі футболшылар шақырылған.

Қақпашылар: Дмитрий Непогодов («Астана»), Стас Покатилов («Қайрат»), Игорь Щацкий («Тобыл»); Қорғаушылар: Дми­трий Шомко, Абзал Бейсебеков (екеуі де – «Астана»), Ғафуржан Сүйімбаев, Нұралы Әліп (екеуі де – «Қайрат»), Марат Быстров («Ахмат», Ресей), Ян Вороговский («Беерсхот», Бельгия), Сергей Малый, Темір­лан Ерланов (екеуі де – «Тобыл»), Александр Марочкин («Қайсар»), Олжас Керімжанов («Жетісу»); Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Аль-Айн», БАӘ), Бахтиер Зайнутдинов (ЦСКА, Ресей), Исламбек Қуат (командасыз), Юрий Перцух («Астана»), Айбол Әбікен («Қайрат»), Асхат Тағыберген, Думан Нәрзілдаев (екеуі де – «Қайсар»); Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Қайрат»), Алексей Щёткин («Астана»), Максим Федин («Қайсар»).