"Балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлудеміз. Басты міндет — өскелең ұрпақты спортпен, шығармашылықпен жаппай қамту, өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру. Осы жұмыстың Жетісу ауданында қалай жүзеге асырылып жатқанын көріп қайттым. Мұнда меценаттардың көмегімен 500 келушіге арналған "Айнабұлақ жекпе-жек орталығы" құрылды. Қыркүйек айында дәл осындай үш орталық Құлагер, Көкмайса және Көкжиек ықшамаудандарында ашылады.
⠀
Сонымен қатар ауданның бес шағын учаскесінде балаларға арналған JetisyFootball тегін оқыту бағдарламасы жұмысын бастайды. Ол қиын жағдайда қалған отбасылардан шыққан 300 баланы қамтымақ. Ал жаттықтырушылар қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы тартылды.
⠀
Сондай-ақ Айнабұлақ-2, Құлагер және Кемел ықшамаудандарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысына құжаттама дайындалуда. Жалпы сыйымдылығы бір ауысымда 450 адам. Нысандарды бос жерлерге салу жоспарлануда", - деп жазды Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында.
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев "Айнабұлақ жекпе-жек орталығына" барды, - деп хабарлайды Egemen.kz.
Мазаир Панахов: Заң бұзушылық тіркелген жоқ
Референдум • Бүгін, 20:55
Баянауылда дала өрті шығып, бір ауылдың адамдары қауіпсіз жерге көшірілді
Аймақтар • Бүгін, 20:44
Қазақстандағы дауыс беру учаскелері жұмысын аяқтады
Референдум • Бүгін, 20:00
Шетелде 7 мыңнан астам отандасымыз дауыс берді
Референдум 2024 • Бүгін, 19:45
Референдум 2024 • Бүгін, 18:50
Табиғи факторларға тәуелсіз АЭС-тің рөлі алдыңғы қатарға шықты
Референдум 2024 • Бүгін, 18:40