Әлем • 31 Тамыз, 2020

"Жұмақ аралда" коронавируспен ауырғандар ғана демалады

342 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдегі ең тамаша жер деп танылған Бразилиядағы Фернандо-де-Норонья архипелагының билігі туристерді қайта қабылдауға шешім шығарды. Алайда, "жұмақ аралда" демалу үшін турист COVID-19 індетімен ауырып, жазылған болуы міндетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Жұмақ аралда" коронавируспен ауырғандар ғана демалады

Туристер өздерінің ауру жұқтырғанын, содан кейін толық қалпына келгенін дәлелдеуі керек. Бұл үшін аралға бет алардан бұрын, 20 күн ішінде ПТР немесе антиденелерге тест тапсыру міндетті.

Архипелагтың әкімшісі Гильерме Роча Үкімет пандемия кезінде тұралап қалған арал экономикасын осылайша жақсартуға тырысып жатқанын түсіндірді.

"Арал жұмыс бастаған алғашқы кезеңінде тек ковидке шалдығып қойған, сауығып, осы ауруға иммунитет қалыптастарыған туристер ғана қабылданады, өйткені олар оны қайтадан жұқтырып, ауыра алмайды", деп түсіндірді Роча.

Ол сонымен қатар қайта жұқтыру жағдайлары сирек кездесетінін және бұл ақпарат әзірге күмән тудыратынын да атап өтті.