Метрополитен музейі де жұртшылық үшін ашылды, бірақ әзірге онда кіретін адамдар саны шектеулі болып отыр.
"Үлкен алма" музейлерінде қатаң ереже сақталады: мұнда маска тағып, кірерде температура өлшейді және онда бару үшін алдын ала уақыт белгілеуі тиіс. Ал музейдегі адамдар саны 25%-дан аспауы тиіс. Сондықтан, Метрополитен ашылған алғашқы күні әдеттегідей 30-40 мың адам емес, 10 мың адам ғана келді.
Пандемия салдарынан Нью-Йорктегі музейлер Еуропадағыға қарағанда әлдеқайда шығынға батты. Себебі, олардың бюджеті билет сатылымына байланысты. Метрополитен жабылған уақыт ішінде 150 млн доллар жоғалтып, 400 қызметкерін қысқартты.