Аймақтар • 31 Тамыз, 2020

СҚО-да 29 адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылған

112 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО-да сот шешімімен жыл басынан бері 29 адам көлік жүргізу құқығынан айрылған. Бұлар жол тәртібін сақтау мен көлікке мас күйінде бірнеше рет отырғандар. Алайда ондайлардың біразы жүргізу құқығынан айырыла тұра, буынына тараған алкогольдің әсерінен қайтадан рөлге отыратыны полицейлерді алаңдатып отыр, - деп хабарлайды Egemen.kz.

СҚО-да 29 адам өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айрылған

СҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембиннің айтуына қарағанда мұндай фактілер заңды және қоршаған ортадағы адамдар өмірін елемейтіндікті көрсетеді. «Ішімдікті тәуір көретіндер жолға шыққан сайын адамдардың өмірі мен денсаулықтарына қауіп төндіреді. Биылғы 11 қаңтардан қылмыстың аталған түрі үшін жауапкершіліктің қатаңдатылғанын автожүргізушілерге тағы бір рет ескерткенді жөн деп есептеймін. Енді, негізгі жазадан бөлек, қылмыскерлер автокөлік басқару құқығынан өмір бойына айырылады» , - дейді ол.

Сот шешімімен көлік жүргізу құқынан мүлде айрылғандардың кейбірі қашан қайта ұсталғанша рөлге отыра береді. Мәселен, ақпан айында Қызылжар ауданының 29 жастағы тұрғыны «Челябі-Новосібір» тас жолында өзінің «Audi-80» көлігімен шығып кетіп, «Lada 217030» автомашинасын басып озамын дегенде ЖКО жасап, тексерілгенде оның жүргізушілік құқы жоқ екендігі анықталып, сот шешімімен екі жылға бас бостандығынан айрылды. Шілде айында оның 37 жасар жерлесіне де қатысты сот өтті, ол қонаққа келген танысымен ішімдікке тойып алып, танысының «ВАЗ 21144» автокөлігімен жүріп, оны аударған.

СҚО-да жалпы, жыл басынан бері осындай 51 факті анықталды.