"Елбасы, партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша партияішілік сайлау тұңғыш рет республикалық ауқымда өтіп жатыр. Ол – партияны "қайта жандандыру" мен жаңғыртудың қорытынды кезеңі болып отыр.
⠀
Сонымен, 17 – 28 тамыз аралығында 10 990 адам тіркелді. Олардың 36,9% - әйелдер, 29,6% – 35 жасқа дейінгі жастар. Бастауыш партия ұйымдарынан 3090 азамат ұсынылса, ал өзін-өзі ұсынушылар – 7900 адам. Қатысушылардың орташа жасы – 43 жас.
⠀
Бір орынға үміткерлердің ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында – 18. Алматы мен Шымкентте – 9-дан, Жамбыл және Түркістан облыстарында – 6 үміткерден келеді. Шығыс Қазақстан облысында әйелдер және Түркістан облысында жастар ерекше белсенділік танытып отыр.
⠀
7 қыркүйектен бастап праймериздің келесі кезеңі – үгіт басталады. 14 – 30 қыркүйек аралығында онлайн режимде жария пікірсайыстар өтеді.
⠀
Еліміздің Президенті Қ.К. Тоқаевтың "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасының аясында қыркүйектің басында біздің өңірлік 216 сайлауалды бағдарламамыздың жобалары жарияланады. Олар халықпен бірге талқыланғаннан кейін жетілдірілетін болады.
⠀
Осы орайды пайдалана отырып, өз-өзіне және партиямызға сенім артып, праймеризге өз кандидатурасын ұсынған әрбір жанға алғыс айтқым келеді. Біз олардың адал, ашық және барша қатысушыларға берілген тең мүмкіндіктермен бақ сынауларына бар жағдайды жасаймыз.
⠀
Партияішілік іріктеудің жеңімпаздары Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттарға арналған партиялық тізімдерімізге енгізілетін болады. Бұл – 5,5 мыңнан астам адам. Ал іріктеуден өтпеген, бірақ елеулі қолдауға ие болған азаматтар партияның жаңа кадрлық резервіне енеді.
⠀
Партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, "еліміздегі мәселелерді бірлесіп шешу үшін ашық диалогты қамтамасыз ету маңызды. Праймериз қатысушылары жергілікті жерлерде өзекті мәселелерді ашық көтеріп, кемшіліктерді анықтап, нақты шешімдер ұсынуы тиіс".
⠀
Ашық та әділ күресте мықтылар топ жарып шықсын! Елімізді бәріміз бірге өркендетеміз!" - деп жазды Бауыржан Байбек.
Президент Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Президент • Бүгін, 13:01
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент • Бүгін, 12:41
Биыл Алматы облысында 57 мың жұмыс орны ашылды - Марат Сұлтанғазиев
Аймақтар • Бүгін, 12:14
Мемлекет басшысы: «Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі»
Президент • Бүгін, 11:56
Перизат Қайраттың мүлкі тәркіленді
Қоғам • Бүгін, 11:36
Шерзат Болаттың өлімі: тергеу қашан аяқталады
Заң • Бүгін, 11:14