Қытайдағы танымалы өнер бәсекесінің бірі саналатын "Қытай дауысы" (Sing! China) музыкалық жобасына қатысып жатқан қандасымыз Мәдина Думанқызы жарыстың алғашқы кезеңінен сәтті өтті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қытайдағы таланттар шоуы атанған телевизиялық жобада әнші Мәдина Думанқызы "Қарыздар емеспін" атты әнді қытай тілінде орындап, тәлімгерлер мен көрермендердің жоғары бағасына ие болған.
Аталған жоба Қытайдың "Чжэзяң" телеарнасында көрсетіліп жатыр. Мәдина Думанқызы – 2000 жылы Қытайдың Тарбағатай аймағы Шәуешек қаласында туған. Қазіргі күні Сиань музыка институтында білім алуда. Жас әнші осы уақытқа дейінде түрлі өнер байқауларына қатысып, өз талантымен жұртқа танылып үлгірген.
Ол 2016 жылы Қытайдағы Шыңжан қазақтарының арасындағы танымал өнер бәйгесі саналатын, Шыңжаң ТВ өткізген "Күміс көмей" жобасында бас жүлдені жеңіп алған. Сонымен бірге осы жобада "халықтың қалауынан шыққан үздік әнші" болып бағаланып, осы аталымдар бойынша жүлдеге тігілген екі бірдей темір тұлпарды қанжығасына байлады.
Сондай-ақ, Қазақстанда өткен XIX "Шабыт" халықаралық шығармашыл жастар фестиваліне қатысып атаулы сыйлықты жүлдемен марапатталған. 2019 жылы Қытайдың орталық радиосы мен теледидары ұйымдастырған өнер байқауында және Шэньси провинциясы өткізген байқауларда жұртшылықты өз талантымен тағы да тәнті етті.
Бүгін Шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Қазақстан мен Германия ойнайды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Алматы облысында екі жасар сәби суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 15:45
Ауыл шаруашылығы министрлігі жайылым жерлерін бөлудің жаңа тетігін әзірлеуде
Қоғам • Бүгін, 15:27
Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты
Білім • Бүгін, 14:47
Елімізде КВИ-ге қарсы вакцина алғандар саны өсті
Коронавирус • Бүгін, 14:30
Қырғыз-өзбек шекарасында жүк көлігі 8 адамды қағып кетті
Әлем • Бүгін, 13:45
Автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Жан Кособуцкий WBC титулы үшін жекпе-жекте жеңіске жетті
Бокс • Бүгін, 12:45
Елімізде бір тәулікте 5 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 11:45
Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл
Қазақстан • Бүгін, 11:30
Қарағанды облысында 100-ден астам отбасы баспанамен қамтылмақ
Аймақтар • Бүгін, 10:43
Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын жеңіп алды
Бокс • Бүгін, 09:42
Қарағанды облысында 41 мың адам жұмыспен қамтылады
Аймақтар • Бүгін, 09:10
Елордада жеңіл атлетикадан марафон ұйымдастырылды
Елорда • Кеше
Қызылорда облысында абайсызда арыққа құлап кеткен сәби көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысында 15 жастағы балаға найзағай түсіп көз жұмды
Аймақтар • Кеше
Елімізде 9,5 миллионға жуық адам КВИ-ге қарсы екпе алды
Коронавирус • Кеше
Шымкенттегі перзентхана маңында жарылыс болды
Оқиға • Кеше
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады
Президент • Кеше
Роман Скляр жұмыс сапарымен Ашхабадқа барды
Үкімет • Кеше
Шетелдегі Қазақстан азаматтары референдумға қатыса алады
Қазақстан • Кеше
Елімізде бір тәулікте 3 адам коронавирус жұқтырды
Қазақстан • Кеше
Ұқсас жаңалықтар