Президент • 01 Қыркүйек, 2020

Жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату керек - Президент

1483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тұтынушыларға жауапсыз несие беруді нормативтік түрде тоқтату керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауы барысында айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Жауапсыз несие беруді заң жүзінде тоқтату керек - Президент

"Тұтынушыларға тоқтаусыз, кейде жауапсыз несие беруді нормативті түрде тоқтату керек. Бұл әлеуметтік салдарға әкелуі мүмкін. Азаматтардың тиісті деңгейде қаржылық сауаттылығының тиісті деңгейде болмауы оларға кредит өнімдерін негізсіз беруге себеп болмауы керек. Биыл менің тапсырмам бойынша нормативтік-құқықтық база өзгертілді. Қарыз алушының төлем қабілетіне талап айтарлықтай күшейді", - деді Президент.

Оның айтуынша, халыққа негізсіз кредит берген ұйымдардың жұмысы бақылауға алынған.

"Қаржы ұйымдарының жұмысын мемлекет бақылауға алды. Бірақ қауіп әлі де бар. Әсіресе, дағдарыс кезінде халық табысы төмендеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, ұлттық банк кредит беретін ұйымдардың жауапкершілігін арттыру, ставканы төмендету үшін қосымша реттеу шараларын жүргізу керек", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.