Спорт • 01 Қыркүйек, 2020

Алексей Луценко он сатыға жоғарылады

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Велошабандоздар арасындағы ең ірі жарыс –  "Тур де Франс" көпкүндігінің үшінші кезеңі аустралиялық Калеб Юэннің жеңісімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Луценко он сатыға жоғарылады

"Lotto Soudal" клубы сапында өнер көрсететін жасыл құрлықтың өкілі 198 шақырымды құраған қашықтықты 5 сағат 17 минут және 42 секундта жүріп өтті. Екінші және үшінші орындарды ирландиялық Сэм Беннетт ("Deceuninck - Quick Step") мен италиялық Джакомо Ниццоло ("NTT Pro Cycling") иеленді.

"Астана" командасы мүшелері арасында канадалық Уго Улье ең үздік нәтижеге қол жеткізді. Ол 16 орынды иеленді. Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко 17 орынға табан тіреді. Осы көрсеткішінің арқасында отандасымыз өзінің жалпы есептегі жағдайын едәуір жақсартты. Бірден 10 сатыға жоғарылаған ол қазіргі кезде 13 орынды еншілеуде. Луценко көш басындағы франциялық Жюлиан Алафилиптен небары 17 секунд қалып келеді.