Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Түркістан облысында 108 отбасылық, мерекелік іс-шара тоқтатылды

182 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында коронавирус инфекциясының алдын алу мақсатында 5 шілде мен 1 қыркүйек аралығында  53 мобильді топ карантин режимі кезінде қызметін жүзеге асыратын обьектілерге мониторингілеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 19 489 нысан тексеріліп, карантин талаптарын бұзған  2 181 нысан анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан облысында 108 отбасылық, мерекелік іс-шара тоқтатылды

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ҚР ӘҚБ Кодексінің 425 бабының 1 тармағымен 2097 жеке тұлғаға 30 АЕК көлемінде, 67 жеке кәсіпкерге, 7 заңды тұлғаға, 10 лауазымды тұлғаға  хаттамалар  толтырылып 230 АЕК көлемінде айыппұл салынған. Жалпы, әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2181 хаттама толтырылып, 114 млн  217 470 теңге көлемінде айыппұл салынып, оның 86 млн  985 960 теңгесі өндірілді.

Бүгінгі күнге дейін 41 беташар, 6 келін түсіру, 23 қыз ұзату,  5 құдайы тамақ, 16 құдалық, 5 бесік той, 2 тұсау кесер, сүндет той, 10 ұжымдық жиын,  жалпы  108 отбасылық, мерекелік іс-шаралар анықталып, тоқтатылды.

Облыс  бойынша 1 қыркүйекке дейін қызметін қайта бастауға InfoKazakhstan.kz сайты арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға  27 410  өтініш  келіп түскен. Соның ішінде 23 617 нысанға хабарлама беру арқылы,  165-іне көріп тексеру арқылы рұқсат берілген. 1220 өтінішті қанағаттандырудан бас тартылған және 75  нысан қаралуда.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03