Аймақтар • 01 Қыркүйек, 2020

Шымкентте қыз ұзату жасаған той иесі жауапқа тартылды

522 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантин талаптарын бұзып, қыз ұзату ұйымдастырған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шымкентте қыз ұзату жасаған той иесі жауапқа тартылды

"29 тамызда Шымкент қаласы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторлары Қаратау ауданының аумағындағы үйде қыз ұзату тойы болып жатқанын анықтады. Жергілікті тұрғындар қаланың бас дәрігерінің қаулысында көрсетілген карантиндік талаптарды бұзған. Жайт бойынша жинақталған іс-құжаттар Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау басқармасына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен заңды шара қолдану үшін жолданды", - делінген хабарламада.