Оқиға • 02 Қыркүйек, 2020

Ұлы ойшылдың ұлағаты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен Білім күніне орай еліміздің барлық оқу орындарында бірыңғай онлайн режімде жалпыреспубликалық «Адалдық сағаты» өтті.

Ұлы ойшылдың ұлағаты

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және адалдық, әділдік, парасаттылық және сенім сынды маңызды адамгершілік құндылықтарды сіңіру.

Онлайн-дәріс Тұран дала­сының ұлы ойшылы Қожа Ахмет Ясауидың адалдық қағидаларын түсіндіруге арналған. Түркі әле­­мінің дамуындағы Ясауи рөлі сөзсіз өзекті, оның мұрасы түркі мем­ле­кеттері арасындағы дос­­тық қарым-қатынастардың қалып­­тасуында үлкен рөл атқарды.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қожа Ахмет Ясауи Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстанда да, барлық түркі халықтарының ұлттық рухани ілім жүйесін өр­нек­теп берді», деп атап өткен.

Бейнедәрістерде оқушылар мен студенттер «ақыл кітабы» – «Диуани-Хикметте» жинақ­талған адалдық, әділдік, парасат­тылық, қарапайымдылық пен мейірімділік сияқты адами құн­дылықтарға шақыратын ұлы ой­шылдың сөздерімен танысады.

Ақпарат және қоғамдық даму минис­трлігінің қолдауымен бей­несабақ республикалық және өңір­­лік телеарналар эфирінде көр­сетіліп, сондай-ақ агенттіктің Youtube-арнасында және әлеу­мет­­­тік желілерде орналастырылды.