Коронавирус • 02 Қыркүйек, 2020

Коронавирустың кәріз құбырлары арқылы тарайтыны анықталды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытай ғалымдары коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралуы мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Bloomberg басылымында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирустың кәріз құбырлары арқылы тарайтыны анықталды

Environment International журналында жарияланған зерттеу қорытындысында, ешкім тұрмайтын пәтердің жуынатын бөлмесіндегі коронавирустық қоздырғыштың анықталғаны туралы айтылған.

Ақпан айында ғалымдар COVID-19 құбырлары арқылы тарауы мүмкін деген нұсқа ұсынып еді. Бірнеше айға созылған зерттеулерден кейін бұл теория расталды.

Коронавирус анықталған жуынатын бөлме COVID-19-бен ауырған пациенттері тұратын пәтердің үстінде орналасқан. Зерттеушілер вирустың дәретханадан ағып жатқан судың әсерінен пайда болатынын, сосын ұсақ бөлшектер арқылы ауаға таралуы мүмкін екендігі туралы тәжірибе жасады. Нәтижесінде мұндай аэрозоль бөлшектері инфекциясы бұрын расталған пәтердің  10 және 12 қабаттарынан да табылды.

Айта кету керек, 17 жыл бұрын Гонконгтағы су құбырлары да SARS індетінің таралуына себеп болған еді. Содан кейін үйдің 329 тұрғыны ауырып, 42 адам қайтыс болды, деп жазады газет.