Әлем • 02 Қыркүйек, 2020

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада қала салуды жоспарлап отыр

755 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанда талқылауға спутниктік қала мен Ташкенттің шегінде индустриалды аймақ құру жобасы ұсынылды. Жаңа аумақтардың кейбір учаскелері Қазақстанмен тікелей шектеседі деп күтілуде, - деп хабарлайды Egemen.kz   Gazeta.uz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстан Қазақстанмен шекарада қала салуды жоспарлап отыр

Қала аумағы мен индустриалды аймақтың астына Өзбекстан астанасының Алмазар ауданына жақын орналасқан Ташкент облысының Ташкент ауданының 500 гектарға жуық жерін беру жоспарланып отыр.

 «Болашақ аумақтардың кейбір бөліктері Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы мемлекеттік шекара маңында орналасқандығы назар аудартады. Мысалы, Бурдокичилік базасының аумағы арқылы өтетін автомобиль жолының өзбек-қазақ шекарасындағы қоршаулармен қиылысы бөлінген жер учаскесінің шекарасының бастапқы нүктесі ретінде көрсетілген. Сондай-ақ, мемлекеттік шекараның жанында орналасқан далалық жолдың оң жағындағы аумақтарды қосу жоспарланып отыр», - делінген мақалада.

Жобаны талқылау 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Спутниктік қала мен индустриалды аймақ құру жоспарланған аумақтар (қызыл түспен көрсетілген). Басылым Спутниктік Ташкент құру туралы ел президенті Шавкат Мирзиёев маусым айының басында жариялағанын атап өтті. Қаланың ені 20 метр болатын бақтар, жаяу жүргіншілер зоналары, велосипед жолдары, ұзындығы 14 шақырым болатын жағалау аймағы, сондай-ақ кем дегенде 5000 адамға жұмыс істейтін сауда орталықтары кіретін 260 гектар аумақта орналасатыны туралы хабарланды. «Содан кейін Өзбекстан президенті аталған аумақта 200 гектар жер бөліп, жаңа индустриялық аймақ ұйымдастыруды ұсынды. Индустриалды аймақтың болашақ кәсіпорындарында кем дегенде 60 мың жаңа жұмыс орнын ашуға болады», делінген хабарламада.