Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Егін жинау науқаны жалғасуда

555 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бұл күндері өңірде 900 мың гектар астық алқабының 186,6 мың гектары жиналған.

Егін жинау науқаны жалғасуда

Ал, жалпы астықтың орташа өнімділігі өңірде гектарына 7,3 центнерді құрайды.­

- Қазір егін жинау науқаны кезінде астық дақылдарының ең жоғары өнімділігі   Железин, Ертіс аудандарында  гектарына 8,9 центнерге жетті. Орташа облыстық көрсеткіштен төмен  өніміділік Павлодар, Шарбақты және Успен аудандарында,-дейді  басқарма басшысы  Серік Батырқожа.

Облыс әкімдігі шаруалар мен жергілікті әкімдіктердің басты міндеті - егін жинау науқанын оңтайлы мерзімде аяқтау, егіннің сақталуын қамтамасыз етуді бақылауда.

Аудандардағы шағын шаруашылықтар да техникамен қамтамасыз етілуде. Бұған дейін егіс науқаны кезінде жекелеген көкөніс шаруашылықтардың егуге арналған арнайы техникалары болмаған жайлар кездескен.

1

Сондықтан, өзінің жеке техникалық базасы жоқ немесе оны жалға алатын шағын шаруа қожалықтарының тізімін жасап, қолда бар техниканы пайдалану кестесін жасалуда.

Биылғы  күзгі дала жұмыстарына өңірде 21,5 мың тонна жанармай бөлінген.

Павлодар облысы

Суретті түсірген: Валерий Бугаев

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда МӘМС жүйесі өзгереді

Денсаулық • 05 Мамыр, 2024

Төтеншеліктерге тарту

Аймақтар • 04 Мамыр, 2024