Аймақтар • 02 Қыркүйек, 2020

Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті

212 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

12-30 тамыз аралығында тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылық жасағаны үшін 1600-ден астам ақтөбелік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті

12-30 тамыз аралығында облыс аумағында отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың, мас күйде жасалған қылмысты алдын алу және ескерту, ІІО есебінде тұрған адамдарды тексеру мақсатында “Тұрмыс” жедел алдын алу іс-шарасы өтті.

Аталған кезеңде учаскелік полиция инспекторлары түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 1627 құқық бұзушыны әкімшілік жауапкершілікке тартты. Оның ішінде 355 отбасылық қылмыскер әкімшілік жауапкершілікке тартылды, қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болғаны және қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішкені үшін полиция бөлімшелеріне 585 адам жеткізілді, кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуден және оқытудан жалтарғаны үшін 42 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар аталған іс-шараны өткізу кезінде учаскелік полиция инспекторлары отбасы-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылыққа жол берген 770 адамды анықтап, ІІО-на есепке қойды, оның ішінде 620 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, сот құқық бұзушының мінез-құлқына 134 адамға қатысты ерекше талаптар қойды.

Сондай-ақ ювеналдық полиция қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу барысында 51 жайсыз отбасын анықтап, профилактикалық есепке қойды. Тұрғылықты жері бойынша бұрын ІІО есебінде тұрған адамдар тексерілді.