Әлем • 02 Қыркүйек, 2020

Коронавируспен ең ұзақ ауырған науқастың жағдайы белгілі болды

576 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Рио-де-Жанейро федералды университетінің (Бразилия) молекулалық вирусология зертханасы коронавируспен 152 күн ауырған науқас туралы хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Коронавируспен ең ұзақ ауырған науқастың жағдайы белгілі болды

Аты-жөнін жасыруды дұрыс көрген әйел Денсаулық сақтау саласында жұмыс істейді. Науқаста симптомдар наурыз айында пайда болған. Өзінен инфекция анықталған соң көп уақыт өтпей, симптомсыз түрімен де ауырған. Осы уақыт аралығында пациент вирусты басқа адамдарға жұқтырған болуы да ықтимал, дейді дәрігерлер.

Аурумен күресу кезінде әйел үйде карантинде болды. Ол қалпына келгеннен кейін оған жұмысқа оралуға рұқсат етілген.

Бұған дейін Ұлыбританияның 35 жастағы тұрғыны Фатима Бридл коронавируспен 130 күн емделген еді. Ол ауыр асқынумен қатар, пневмония және сепсиспен де ауырған екен.