30 Қазан, 2013

Бұл – Мәңгілік Ел болудың Доктринасы!

450 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін

Біз өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла білсек қана «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы биік мақсаттарға жете аламыз. Партиямыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Мәңгілік Елді бірге жасайық!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясының XV съезінде сөйлеген сөзінен.

Сонау тоқсаныншы жылдардың тоқы­рауының талмалы да тұйыққа тірелген тұсында айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ!», деген осы бір ауыз сөзінің дәл бүгінгі күні ақиқатқа айналарына иланғанымыздан да иланбағандығымыз басымдау болғандығын айтайық та әуелі. Қайдағы дамыған ел, қайдағы санатқа қосылу?! «Ел іші кебек жей бастады», деп алыпқашпа жел сөзбен елдің үрейін ұшырып жатқан шуылдақ топтардың тоқым қағып, желігіп тұрған шағы болатын ол тұс.

Біз өзімізді ұдайы қамшылап, алға ұмтыла білсек қана «Қазақстан-2050» Стратегиясындағы биік мақсаттарға жете аламыз. Партиямыз тұғырлы, елдігіміз ғұмырлы болсын. Мәңгілік Елді бірге жасайық!

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ,

«Нұр Отан» партиясының XV съезінде сөйлеген сөзінен.

Сонау тоқсаныншы жылдардың тоқы­рауының талмалы да тұйыққа тірелген тұсында айтылған Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып, санатына қосудан үлкен мақсат жоқ!», деген осы бір ауыз сөзінің дәл бүгінгі күні ақиқатқа айналарына иланғанымыздан да иланбағандығымыз басымдау болғандығын айтайық та әуелі. Қайдағы дамыған ел, қайдағы санатқа қосылу?! «Ел іші кебек жей бастады», деп алыпқашпа жел сөзбен елдің үрейін ұшырып жатқан шуылдақ топтардың тоқым қағып, желігіп тұрған шағы болатын ол тұс.Кеңес Одағы өзінің ыдырағанымен қоймай, «коммунизм құрылысшылары» болған өз халқының ыңыршығын айналдырып, тақыр кедейшілікке ұрындырып тұралатып тастап кеткен сол тұста әупірімдеп күн көрудің амалына көшкен қазақтың тәуелсіздігінің көгінен бүгінгі нұрлы күн туар деп кім ойлаған?! Сол нұрлы күнді тудырудың тұғырында тас табандап тұра алған және әлі де тайсалмай тұрған бір ғана адамды, Нұрсұлтан Назарбаевты ғана бүгінгі және де мәңгіліктің де мәңгілігінің тарихының мойындары бар!

Бізге осылай деп батыл байлам жасатып отырған жай жуырда ғана Санкт-Петербург қаласында болып өткен G-20, яғни «Үлкен жиырмалық» елдерінің көш­пелі брифингінің барысында Бүкіләлем­дік экономикалық форум 2013-2014 жыл­дар­дың жаһандық бәсекелестік туралы жылдық есебі бойынша Қазақстан бір саты­ға алға басып, 148 елдің арасынан 50-ші орынды иеленгендігін жариялауы болды.

Бұл барлық қазақ баласының, әрбір қазақстандықтың сүйіншілейтін қуаны­шы еді! Біз өз басымыз «Нұр Отан» партия­сының XV съезіне қатысып және де осы үлкен жиында Қазақстан Респуб­ли­касының Президенті – партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы және «Нұр Отан» партия­сы» тақырыбындағы терең мағыналы сөй­леген сөзін тыңдап, сонан соң осы съезде қабылданған партияның «Нұр Отан. Нұрлы болашақ жолында!» Саяси доктринасының қағидаттарымен толық танысқан сәтте көңілге ең әуелі осы бір жайдың оралғаны бар. Иә, біз елуінші орындамыз! Осы бір ой тұрғысынан толғана оты­рып, елдегі ең қуатты саяси күш – «Нұр Отанға» ен­дігі арада алыс болашаққа көз тігіп жасал­ған «Қазақстан-2050» Стра­те­­гиясын­да белгіленген биік межелерге, ай­қын мақ­саттарға қол жеткізе отырып, оны мүлтіксіз жүзеге асырып, Қазақ елін даму­дың дара жолына бастау сияқты аса жауап­­ты миссия жүктеліп отырғандығын ұғындық.

«Нұр Отан» партиясы мейлінше қысқа уақытта алып құрылымға айналып, еліміздің саяси-әлеуметтік өміріндегі барлық істерге белсене араласып, қазақстандықтардың зор сеніміне ие болғандығына күмән келтіруге де ешбір негіз жоқ деп санаймыз. Бұл – әлдеқашан мойындалған ақиқат! Және де Елбасының барлық бастамаларын әрдайым қызу қолдау арқылы да партияның зор абырой жинай білгендігін айтқан ләзім.

«Елімізді әлемнің ең қуатты 30 елінің қатарына қосу – алдымыздағы үлкен, ұлы мақсат. Бұл «Нұр Отанның» болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болуға тиіс», деген Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде айтқан осы бір ауыз сөзі, яғни алдағы уақытта Қазақ елін әлемнің ең дамыған 30 елінің бірі болуына қол жеткізу партияның ғана емес, барша қазақстандықтардың өмірінің темірқазығына айналуы керек. Өйткені, біз соған лайықты елміз! Біз өзінің даму тарихында бұрын-соңды тап бүгінгідей экономикалық және әлеуметтік тамаша табыстарға ие болып көрмеген Қазақстанды Елбасының қайратты да қарымды ерік-жігерінің және де кемел келешекті болжап бере алып отырған көрегендігінің арқасында Еуразия кеңістігінің абыройы да, атақ-даңқы да лайықты жаңа мемлекеті бола алдық. «Ендігі жерде қашан да бүкіләлемдік қоғамдастықпен қатар адымдауға тиіспіз», деген міндетті Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға осы тұрғыдан тартып отырғандығы да бар. Көкейімізге осыны түйе білгеніміз жөн.

Дүрбелеңі мен дүрмегі көбейіп бара жатқан бүгінгі дүние құрылымында еліміз­дегі тыныштық пен ынтымақты, ел бірлігін көзіміздің қарашығындай сақтай отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясын ойда­ғыдай етіп жүзеге асыру, Елбасының сөзімен айтқанда, «Біздің әлемдегі ең танымал ұлттардың шоғырына біржолата қосылуымыз үшін берілген ұлы тарихи мүм­кіншілік», екендігін де есте ұстаған абзал. Осы бір қағидат әрі-беріден соң «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыру бағытында жүргізілетін бар жұмыстарымыз бен істеріміздің иделогиясына айналуы қажет деп санар едік.

Алда тұрған ауқымды да күрделі жұмыс­тарды біз жаһандық дамудың бүгін­гі дағдарыстағы заңдылықтары мен қарама-қайшылықтары және де тіпті жан алысып жан берісер қызу бәсекелестік жағ­дайларында жүзеге асыруға тура келе­тіндігін де естен шығармауға тиістіміз. Бұл орайда Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында ХХІ ғасырдың жаһандық 10 сын-қатерін нақтылап көрсетіп бер­ген­дігін де жиі жиі еске алып отырғанымыз абзал. Өйткені, Елбасы атап айтқан сол бол­жамды қатерлердің алды қазірдің өзін­де бой көрсетіп отырғандығын да аңдауға болар еді. Биылғы жылдың ба­сындағы «Кипр дағдарысы» бетінің зорға қайтарылғандығына қарамастан, қазір Еуроодақтың экономикасы болса, ол ең төменгі макрокөрсеткіштер ұшына ілініп тұр. Әлеуметтік дағдарыс та бәсеңси қойған жоқ. Таяу Шығыс елдеріндегі әлдебір қарулы қақтығыстар да мынау солқылдақ әлемнің тұрақсыздығын әлі де шайқай түскісі келгендей. Міне, бүгінгі әлемнің даму үрдісі бізге Нұрсұлтан Назарбаевтың съезде айтқан «Менің ішкі түйсігім мен тәжірибем әлемнің таяу болашақтағы даму кезеңі аса күрделі болатынын аңдатады. Осындай жағдайда барлық қазақстандықтар өз Отанымыздағы тұрақтылық пен даму бағдарын болжауға болатындығының бағасын білуге тиіс!», деген сөзінің мәніне аса ден қоя отырып және де ел бірлігі Қазақстанның дүние елдерінің алдыңғы қатарына шығуының басты критерийі екендігін де ұғыну керек.

Біз қандай жағдай болса да, өз елімізді тығырыққа тірейтін саясаттан да, түрлі әрекеттерден де сақтай білуге тиістіміз. Елбасының осы бағытта жүргізіп келе жатқан жасампаз бағытының дұрыстығына ел тәуелсіздігінің жиырма екі жыл бойын­дағы жылнамасы айқын көз жеткізіп беріп отырғандығы да ақиқат. Бұл орайда Елбасының бір ғана Қазақстанды ин­дустрияландырудың жаңа бағыты мен сая­са­тын белгілеуі еліміздің әлемдегі қуатты да дамыған мемлекеттердің қатарынан алар орнымызды анықтаушы басты әрі маңызды фактор екендігін де уақыт озған сайын ұғындырып келе жатқандығы да анық жай. Бір кездері, яғни тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінде «ең аяғы қара шеге де шығармайды» деп сөгетін Қазақстан осы күндері әлемнің 111 еліне өзінің да­йын өнімдерін эскпорттап келе жатыр! Және де Қазақстанда экономиканың тіптен де жаңа салалары пайда болғандығы, сөйтіп, елімізде бұрын-соңды ешқашан болып көр­меген автомобиль, локомотив, вагон мен тікұшақтар жасайтын өндірістердің іске қосылып, жұмыс істей бастағаны, сондай-ақ экспортқа аккумуляторлар, трансформаторлар, металл құбырлары, тыңайтқыштар, азық-түлік өнімдері сияқты көптеген дайын тауарларды шығара бастағаны да осы индустрияландырудың біздегі алғашқы әрі өте маңызды қанатқақты нәтижелері мен табыстары болып саналады.

Индустрияландырудың осы бағдарлама­сына сай ел бойынша 250-ден астам жаңа өнім түрлерін шығару игерілді. Олай болса, индустрияландыру бағдарламасының Қазақстан үшін өмірлік маңызы бар екен­дігін естен шығармағанымыз абзал. Елбасының жуырда болып өткен Үкі­меттің кеңейтілген отырысында ел бо­йынша индустрияландыру бағдарламасы мен берілген тапсырмалардың орындалу жайын жан-жақты сұрап, соған орай, талап та қойғандығын ел тағдыры үшін әрдайым алаңдап, мазасыз күй ке­шіп келе жатқандығы деп ұғынайық әрі осы жауапкершілікті Елбасымен бірге әрқай­сы­мыз да сезіне білейік!

Қазіргі уақытта қоғам әлеуеті мен көзқарастарының өзгеруіне байланыс­ты жүйелі жаңару талабы қойылып отырғандығы да басы ашық мәселенің бірі. Бұл күндері халық мүддесінің жоқтаушысы және де біздің бүкіл қоғамымыздың айнасы іспетті болып отырған «Нұр Отан» партиясының съезінде біздің мұраттарымыз бен құндылықтарымызды, негізгі қағидаттарымызды анықтап бекіткен Саяси доктринаның қабылдануы да маңызы жоғары оқиғалар қатарынан орын алды.

«Нұр Отан» партиясы қазақстандықтар­дың алдында тұрған тарихи міндеттерді жүзеге асыру үшін қоғамды ұйыстырып, топтастыратын және Елбасының мемле­кет­тік бағыты мен «Қазақстан-2050» Стра­тегиясын ойдағыдай орындауды қамтамасыз етудегі барынша басымдығы бар саяси күш ретінде өзінің ХХІ ғасыр­дағы миссиясын осы Доктринамен айқын­дап алып отыр. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаса да, осы тәуелсіздік үшін қаншама алысып, арпалысса да қол жеткі­зе алмаған бүгінгі Қазақстанның Тәуелсізді­гін басты жетістікке балай отырып, оны халқымыздың қасиетті құндылығы деп тану арқылы және сол тәуелсіздікті нығайтуды, елдігімізді қорғауды тарих пен болашақ ұрпақтар алдындағы парызымыз деген орынды тұжырым жасалғандығы біздің әрқайсымыздың ел мен ел тәуелсіздігі үшін аса жауапты екендігімізді ұғындыра түседі.

Қазақстанды өркендету мен мемлекеттің орнықты да тұрақты дамуы үшін қажетті бар жағдайдың жасалғандығын атап көрсете отырып, «Нұр Отанның» Саяси доктринасы өркендеу дегенді «барлық азаматтардың өмір сапасын ұдайы жақсартуды қамтама­сыз ететін экономикалық дамудың жо­ғары қарқынына қол жеткізу» деп тани отырып, осы орнықты экономика мен қоғамдық-саяси тұрақтылықтың арқауы болып табылатын қуатты орта тапты қалыптастыру сияқты аса маңызды міндетті шешуге өзінің мүдделі екендігін жария­лады да, «Біз Қазақстанның одан әрі өркендей беруі үшін жауапкершілікті өзімізге жүктейміз», деп мәлімдеді. Мұны «Нұр Отан» партиясының Елбасының, өз Көшбасшысының саяси бағыты мен ұста­нымының әбден дұрыстығына және де елді дамытудың «Қазақстан-2050» Стратегиясын ойдағыдай жүзеге асыруға деген барлық қазақстандықтардың ынтасы мен құлшынысына, ел бірлігі мен халқымыздың ынтымақшыл ниет күшіне сенгендігі деп қарастырғанымыз абзал. Ал «Нұр Отанның» сенімі – ел сенімі!

Ел мен халық тағдыры үшін жауапкер­шіл болуды бізге Елбасы әрдайым үй­ретіп келеді және соның тамаша үлгісін көрсетіп те келе жатқандығы талас тудыр­майтын тарихи ақиқат. Қазақстан Респуб­ликасының Тұңғыш Президенті – партия­ның негізін қалаушы Нұрсұлтан Назар­баевтың осы Доктринада біздің, барша қазақстандықтардың саяси идеалы бола­тындығын атап көрсетуі де тарихи ақиқат! «Елбасының даналығы, гуманизмі, мұқалмас ерік-жігері, болашаққа ұмтылысы және халқына шексіз беріле қызмет етуі біз үшін де, болашақ ұрпақтар үшін де әрқашан үздік үлгі бола бермек», деген Доктринадағы осы бір ауыз тұжырымды сөз әр қазақстандықтың көкейіне әлдеқашан берік орныққандығы да сөзсіз.

Қазақы түйсік пен санаға бақ пен дәулет ынтымағы жарасқан жерге ғана дариды деген ұғымның берік орныққандығы да талассыз. Саяси доктринада сол ынтымақтың әуелі әр отбасынан басталатындығы да және сол болашаққа ұмтылыс пен талпынысымыздың Қазақстанның одан әрі өркендеуінің аса маңызды шарты екендігі айтылады. Және де «жаһандану дәуірінде өзінің тарихының, мәдениеті мен тілінің қадіріне жететін халық қана табысты өркендей алады», деген тұжырымды алға тарта отырып, «Нұр Отан» партиясының Доктринасында «Отбасы және Дәстүр» қағидаттарында Қазақстанды мекендеген барлық ұлттардың өзіндік ерекшеліктерін сақтай отырып, қазақ тілін, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді дамыту біздің стратегиялық басымдығымыз болып табылатындығы да айқындалады. Ендігі арада қазақстандық қоғамда отбасы – біздің барлық адами құндылықтарымызды сақтаудың аса маңызды институтына айналумен бірге, ата-ананың бала алдындағы, баланың ата-ана алдындағы өзара жауап­кер­шіліктерін сезінетіндей тәрбие қалыптастыру біздің идеологиямыздың негізгі өзегі болуы да керек. Өйткені, үлкенді сыйлау, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық ата-ана тәрбиесімен отбасында қалыптасатындығын ұмытпағанымыз жөн.

Қазіргідей жаһандану үрдісіндегі мәде­ниеттердің өзара кірігуі жеделдей түскен замандағы әлем келбетінде өзіміз­дің халық есебінде сақталып қалуымыз үшін «біз өзгелердің жақсы жағын бойы­мызға сіңіре отырып, өзіміздің мәдени төл­тумалығымызды сақтай білуіміз қажет» деген тұжырым өте орынды болып көңілге орныққанын айтар едік. Осы орайда партия Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баевтың: «Біз қоғамымыздың ерекше­лік­те­рін артықшылыққа айналдыра білдік. Әралуандығымыз – байлығымызға, бірлі­гі­міз – табысымызға айналды. Осыны ұлт зия­лылары үнемі есте ұстап, жастарға әрдайым ынтымақтың үлгісін көрсеткені жөн», деген съездегі осы бір ауыз сөзін қай­талай отырып, мұны әрқайсымыздың сана­мызға сіңіре білу қажет деген ой түйдік.

Доктринада қуатты экономика құру арқылы әділетті әлеуметтік саясат орнық­ты­рудағы зияткер ұлтқа жүктелер міндеттер айтылады да және ол әлем бойынша үде­мелі экономикалық дамудың өзекті шарты – білім мен инновация болып табылады делінген қағидамен ұштастырылады. Зияткер ұлттың негізін жаңа білім мен серпінді технологияларды және тың идея­лар мен білімді бойға сіңіруге дайын тұратын, сонымен бірге, жасампаздық деңгейде ойлай білетін білімді де кәсіби азаматтар құрайтындығы болса, партия азаматтарымыздың зияткерлік әлеуетін барынша жүзеге асыру үшін оларға қолайлы жағдайлар және инновациялық инфрақұрылым жасау қажеттілігін де сезініп отырғандығы қуантады.

Тәуелсіздік жылдары халқымыз рухының қайта өрлегені де анық. Сол рухты қайтадан сенімді өрлете түсерлік жай Доктринада мемлекеттік тілдің ел бірлігін сақтаушы факторы ретінде аталуына орай Елбасының: «Бұл мәселеге аса ден қоятын кез келді. Қазақ тілін білу азаматтық парыз­ды ғана емес, ұлтқа деген құрметті де білдіреді», деуі арқылы біздің ендігі тілдік саясатымыз бен ұстанымымызды айқындап берді. Және де осыған қосымша Елбасы бұл ғасырды ана тіліміз бен ата дәстүріміздің, ұлттық мәдениетіміздің мәңгі жаңғыру дәуірі деп тани отырып, «Нұр Отан» партиясына мемлекеттік тілді нығайтуға, қазақтың дәстүрі мен мәдениетін жаңғыртуға байланысты қоғамдық-саяси жұмыстардың тиімді жүйесін жасауды да тапсырды. Бұл арада партияға біздің көпэтносты халқымыздың бірлігі үшін жоғары жауапкершілік жүктелетіндігі де айтылмай қалған жоқ.

«Біз бабаларымыз сан ғасырлар бойы аңсаған арманға қол жеткізгенімізді мақтан ете білуіміз керек. Ұлтымыздың ұлы тарихының жаңа тарауы қуатты да табыс­ты тәуелсіз мемлекеттің шежіресі болып жазылуда. Еліміз осы жылдарда ерлік пен бірліктің үлгісін көрсетті. Тәуелсіздіктің қиыншылықпен келгенін, оны ұстап қалу оңай емес екендігін халқымыз білді. Осыны түсініп отырған, бір жұдырықтай жұмылып отырған халқыма шын жүрегімнен алғысымды айтамын. Бірте-бірте барлық жағдай түзеледі, барлық мәселе шешіледі. Барлығымыз қолымызға қонған алтын құс –бақытымызды сақтай білейік, деген Елбасының айтқанын ХХІ ғасырдың партиясы – «Нұр Отанның» Мәңгілік Ел болу Доктринасының алтын әріптермен жазылар тұсы деп қабылдаймыз!

Жабал ЕРҒАЛИЕВ,

жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,

Парламент Сенатының депутаты.

Соңғы жаңалықтар

Ертіс өзенінде сең қозғалды

Табиғат • Бүгін, 09:45

Айдың арғы беті...

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:58