Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Жаңа мектептер ашылуда

892 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Апатты жағдайдағы мектептер мен үш ауысымда оқытатын білім ошақтарының санын азайту міндеті Алматы облысы үшін де өзекті. Ал мәселені шешудің жолдары кезек күттірмейді. Нәтижесінде, білім саласына қарасты нысандарда күрделі жөндеу, жаңа құрылыс қарқынды жүріп жатыр.

Жаңа мектептер ашылуда

Биылдың өзінде 32 білім беру нысанының ғимараты жаңадан тұрғызылмақ. Құрылысы қызып тұрған 32 нысанның қатарында 23 орта мектеп, 3 балабақша, 1 өнер мектебі, 1 спорт зал және 4 ар­наулы білім беретін оқу орны­ның жатақханасы бар. Ал алдағы жылы 15 мектептің құрылысы аяқталмақ. Негізінен, биыл өңір­дегі 55 мектепке 23,9 млрд теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілген, яғни аудандардағы жаңғырған мектеп ғимаратының ашылуы жалғаса бермек.

– Осындай игі іс арқылы облыста үш ауысымды мектептердің саны азаймақ. Қазір 17 мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Оның ішінде, жалпы сипаттағы трансферттер есебінен 11 мектеп, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 6 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұдан басқа, жол картасы бойынша 1500 орындық тағы 6 мектеп және құны 29,9 млрд теңге болатын 1200 орындық 1 мектеп салу көзделген, – дейді облыстық білім басқармасының басшысы Майгүл Омарова.

Қазір бірнеше ауданда құры­лысы аяқталған мектептер пай­далануға берілді. Атап айт­қанда, Қарасай ауданы­ның Әйтей ауылындағы Б.Қосы­нов атындағы орта мектеп ғима­раты толықтай қайта салынып, іске қосылды. 1200 орынға лайық­талған бұл мектеп Алматы об­лы­сындағы мемлекет-жеке­меншік әріптестігі аясында жүзеге асқан алғашқы білім беру нысаны. Сондай-ақ Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы шыт жаңа мектеп те жаңа оқу жылына есігін ашты. Жақында сән-салтанаты жарас­қан 2 қабатты, 120 орын­дық білім ордасының ашылу рәсіміне аудан әкімі Алмас Әділ қатысты. Мектеп қазақ тiлiнде бiлiм беруге арналған. Бұл жобаның жүзеге асуы үшiн облыстық бюджеттен 717 млн теңге қаражат бөлiндi. Ендi жас қызылтоғандықтар жаңа ғима­ратта, ашық та ыңғайлы сынып бөл­мелерiнде өз бiлiмдерiн же­тiл­дiретiн болады. Пандемия жағ­­дайына байланысты 1-4 кезек­­ші сыныптардағы 40 оқу­шы барлық санитарлық талаптар­ды сақтай отырып, мектеп қа­бырғасында білім алуды бастаса, 62 оқушы қашықтықтан оқуда.

Жақында Жамбыл ауданына қарасты Жайсаң ауылында да үш қабатты мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Бұған дейін орын тапшылығына байланыс­ты үш ауысымда білім беретін 5 білім ошағының бірі болған Жай­саң орта мектебі енді бұл қиын­дықты артқа қалдырды. 300 орын­ды ғимаратта жоғары сынып­тарға арналған 20 пән каби­неті бар. Зертханалары толық жаб­дықталған. Заманауи тех­ни­калық құралдармен толық­тырылған. 20 интерактивті тақта, 130 компьютер, мәжіліс залы жұмыс істейді. Оқушылардың дене шы­нық­тыруына, бос уақыт­та­рын тиімді пайдалануына қолай­лы кең спорт залы да тартымды әрі жайлы және мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған.

Жалпы, биыл Алматы облы­сын­дағы білім саласына бөлін­ген қаржы 314,2 млрд тең­гені құрап, 2019 жылмен салыс­тырғанда 108 млрд теңгеге артып отыр. Бұл әлеуметтік салаға бөлінген бюджет қаражаты­ның 65 пайызы білім саласына бағытталғанын білдіреді. Ал оқу жылында 426 мыңнан астам бала оқуға кірісті. Оның ішінде 48 мың оқушы 1-сыныпқа қабылданған.

– Санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты облыста жаңа оқу жылы қашықтан басталды. Бастауыш сынып оқушылары ата-аналардың өтініші негізінде кезекші сыныптарға жіберілді. Шалғайдағы елді мекендердегі шағын жинақталған 145 мектепте санитарлық талаптарға сәй­кес 15 баладан екі ауысымда штат­тық режімде оқиды. Штат­тық ре­жімде білім беретін мек­теп­тер­де қатаң санитарлық та­лап­та­р сақталады. Бұл үшін бар­лық қа­жет­ті жағдайлар жасалу­да. Қа­был­дан­ған шаралар нәти­жесін­де жаңа оқу жылында облыс оқу­шы­ла­рын компьютермен қам­тама­­сыз ету мәселесі толық шеші­лу­де, – дейді облыс әкімінің орынбасары Рустам Әли.

 

 Алматы облысы