Кәсіпқой бокс • 03 Қыркүйек, 2020

Жеңсе, Канеломен жұдырықтасады

794 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Головкин мен «Канело» арасындағы жекпе-жектің өтетін мерзімі шамамен белгілі болды.

Жеңсе, Канеломен жұдырықтасады

Промоутер Эдди Хирн орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) рингке оралу уақыты қай кезде болатынын айтты.

«GGG қараша айында өзінің міндетті қарсыласы Камил Шереметпен жекпе-жек өткізуге келісімшарт жасасты. Геннадий қарсыласын жеңсе, келер жылы Канеломен жұдырықтасады», деді Хирн.

Соңғы рет Головкин 2019 жылдың қазан айында Нью-Йоркте (АҚШ) украиналық Сергей Деревянченконы жеңіп, екі белбеуді жеңіп алды. Аталған бокс кешінде Шере­мет мексикалық Оскар Кортесті нокаутқа жіберген-ді.

Қазір Гена АҚШ-та жекпе-жекке дайын­далуда.