Футбол • 03 Қыркүйек, 2020

«Астанаға» оралудан бас тартты

89 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тамыз айында астаналық клуб бас бапкер Михал Билекпен келісімшартты бұзғаннан кейін клуб басшылығы Станимир Стойловқа ұсыныс жасады, деп хабарлайды KazFootball.kz.

«Астанаға» оралудан бас тартты

«Астана» 53 жастағы болгар маманына ұсыныс жасаған. Алайда Стойлов клубтың қазіргі басшылығына көңілі толмайтынын, сондықтан команданы жаттықтырмайтынын  айтып, ұсыныстан бас тартқан.

Стойлов бас бапкер ретінде «Астанамен» бірге төрт дүркін Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы атанды. Қазақстан футбол тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетті. Екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңінде, сондай-ақ турнирдің 1/16 финалына дейін жетті.

Болгариялық маманның соңғы жұмыс орны – Қазақстан құрамасы болды.