Спорт • 03 Қыркүйек, 2020

Қазақстан құрамасының УЕФА жаңа маусымындағы алғашқы ойыны қашан өтетіні белгілі болды

269 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

4 қыркүйекте Қазақстан құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының жаңа маусымындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан құрамасының УЕФА жаңа маусымындағы алғашқы ойыны қашан өтетіні белгілі болды

Ұлттар лигасы - УЕФА-ның ұлттық құрамалар арасында өткізетін жаңа турнир. Алғашқы кубогты 2019 жылы Португалия құрамасы жеңіп алған болатын.

Жеребе 2020 жылдың 3 наурызында Амстердам қаласында өтті. Негізгі турнирдің алты туры биыл қыркүйек, қазан және қараша айларында өтеді. Соңғы кезең 2021 жылдың маусымына жоспарланған. Плей-офф - 2022 жылдың наурыз айында (толығырақ төменде)

55 құрама УЕФА ұлттық құрамасының коэффициенттік рейтингісіне сәйкес лигаларға тағайындалды (А лигасында 1-16, В лигасында 17-32, С лигасында 33-48, D лигасында 49-55).

Жеребе нәтижесі: 

A ЛИГАСЫ

A1: Нидерланд, Италия, Босния және Герцеговина, Польша

A2: Англия, Бельгия, Дания, Исландия

A3: Португалия, Франция, Швеция, Хорватия

A4: Швейцария, Испания, Украина, Германия

B ЛИГАСЫ

B1: Австрия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Румыния

B2: Чехия, Шотландия, Словакия, Израиль

B3: Ресей, Сербия, Турция, Венгрия

B4: Уэльс, Финляндия, Ирландия, Болгария 

C ЛИГАСЫ

C1: Черногория, Кипр, Люксембург, Азербайджан

C2: Грузия, Солтүстік Македония, Эстония, Армения

C3: Греция, Косово, Словения, Молдова

C4: Албания, Беларусь, Литва, Қазақстан

D ЛИГАСЫ

D1: Фарер аралдары, Латвия, Андорра, Мальта

D2: Гибралтар, Лихтенштейн, Сан-Марино

Командалар бір-бірімен өз алаңында және қонақта кездесу өткізеді. А лигасындағы төрт топ жеңімпаздары 2021 жылдың маусымына жоспарланған Ұлттар Лигасының финалдық кезеңіне (жартылай финал, үшінші орын матчы және финал) өтеді. B, C және D лигаларындағы топ жеңімпаздары бір лигаға жоғары көтеріледі. А және В лигаларындағы топтардың соңғы орындары төмендегі лигаға түседі.

Әлем чемпионатына іріктеу форматы өзгеріссіз қалады. Он топтың жеңімпаздары тікелей Катардағы финалдық турнирге барады. Тағы үш жолдаманың иелері плей-офф кезеңімен анықталады. Оларда екінші орын алған барлық іріктеу топтары, сондай-ақ 2022 жылғы әлем чемпионатына тікелей қатыса алмаған немесе плей-офф кезеңіне өтпегендердің ішінен Ұлттар лигасының топтық жеңімпаздары (турнирлік рейтинг негізінде) қатысады.

2020/21 Ұлттар лигасының топтық кезеңіндегі матчтар келесі күндері өтеді: 2020 жылдың 3/4/5 және 6/7/8 қыркүйек, 10/11 және 13/14 қазан, 14/15 және 17/18 қараша.

4 қыркүйектен 5 қыркүйекке қараған түні Қазақстан құрамасы сырт алаңда Литвамен ойнайды. Ал, 7 қыркүйек күні біздің футболшылар өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды.

«QAZSPORT» телеарнасындағы осы аптада өтетін ойындардың тікелей трансляциясы:

3 қыркүйек - «Ресей» - «Сербия». Уақыты: 00:35;

4 қыркүйек - «Литва» - «Қазақстан». Уақыты: 21:50;

4 қыркүйек - «Италия» - «Босния». Уақыты: 00:35;

5 қыркүйек - «Швеция» - «Франция». Уақыты: 00:35;

6 қыркүйек - «Уэльс» - «Болгария». Уақыты: 18:50;

6 қыркүйек - «Венгрия» - «Ресей». Уақыты: 21:50;

6 қыркүйек - «Испания» - «Украина». Уақыты: 00:35;

«Qazaqstan» телеарнасындағы осы аптада өтетін ойындардың тікелей трансляциясы:

3 қыркүйек - «Германия» - «Испания». Уақыты: 00:30;

4 қыркүйек - «Нидерланд» - «Польша». Уақыты: 00:35;

5 қыркүйек - «Португалия» - «Хорватия». Уақыты: 00:35;

6 қыркүйек - «Швейцария» - «Германия». Уақыты: 00:35;