Қоғам • 03 Қыркүйек, 2020

Қыркүйекте 244 еріктіге отандық вакцина салынады

276 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қыркүйекте Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген қазақстандық вакцина 244 еріктіге салынатын болды. Бұл туралы аталған институт Facebook парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Қыркүйекте 244 еріктіге отандық вакцина салынады

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) біздің институттың ғалымдары әзірлеген вакцинаны ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген екпелер тізіміне қосты. Қазақстандық вакцина клиникалық сынақтың 1/2 фазасында тұр.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірді.

2020 жылдың қыркүйегінде 244 еріктіге вакцинаны клиникалық сынау басталады. Оның ішінде 44-і вакцинаны клиникалық сынақтың бірінші фазасында, ал қалғандары екінші фазасында алады",- делінген хабарламада.