Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Көкшетаулық кәсіпкер 22 оқушыға смартфон сыйлады

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көкше өңіріне меценат Борис Козловтың есімі біршама мәлім. Облыс орталығының іргесіндегі Уәли ханның мазарын жөндеп, абаттандырғанның өзі бір жыр. Таяуда кәсіпкер "Мектепке жол" акциясына қатысып, өзгеге өнеге көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Көкшетаулық кәсіпкер 22 оқушыға смартфон сыйлады

Қазір оқушыға не қат, қашықтықтан оқу себепті құрал-жабдықтар қажет. Кәсіпкер Борис Козлов 22 оқушыға смартфон сыйлап, қамқорлық көрсетті. Өзінің айтуына қарағанда, осындай мейірімділік шарасын қолдан келгенінше жыл бойы атқара бермек.

Карантин уақытында орталық мешітпен бірлесе отырып, 300-ге жуық отбасына азық-түлік жеткізіп беріп, халықтың алғысын алған. Айтпақшы, мұндай шаруаны ол екі жылдан бері атқарып келеді. Мешіттен көмек сұрағандарға қол ұшын созатын кәсіпкердің бұл ісін кісілік демей не дерсің? Қалталы ағайынның бәрі көмекке зәру жандарға дәл осылай қол ұшын берсе жадап-жүдегендер болмас еді.  

Көкшетау қаласы