Экология • 03 Қыркүйек, 2020

Қоғам белсендісі қоршаған ортаны қорғауға үндейтін пикет өткізді

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі қоғам белсендісі Әсем Омар қоғамның назарын қоршаған ортаны қорғауға аудару мақсатында "Аяла- Аяма" атты пикет өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам белсендісі қоршаған ортаны қорғауға үндейтін пикет өткізді

Экологтың пікірінше бір әріптің өзі әлемді  өзгерте алады.

"Бірегей Көбейтұз қызғылт көлінде көліктің ізі мен тұзды қазып алғаннан кейінгі шұңқырлар қалды. Бұл қайғылы жағдай. Бәлкім біз тұтас әлемді өзгерте алмайтын шығармыз, бірақ экологиялық мәдениет, экологиялық білімді көтеруді және тұрғандарымыз бен жақындарымыздың  тәрбиесін өзімізден бастай аламыз", дейді Әсем Омар.

Пикет өткізу арқылы эко белсенді халықты табиғатты аялауға шақырды.

"Бүгін-  білім күні. Табиғатқа мейірімділік таныту мен оны қорғау манызды. Бұнымен тек мұғалімдер ғана емес, ата-аналар да айналысуы керек", деді қоғам белсендісі.