Таяуда Өскемендегі облыстық Пушкин атындағы кітапханада “Қазақстандағы Германия жылы – 2010” аясында “Қазіргі Германия” атты көрменің салтанатты ашылуы болып өтті. Оған еліміздегі Германия елшілігінің кеңесшісі Вольфганг Берт және Қазақстан халқы Ассамблеясы ШҚО бөлімшесінің меңгерушісі Еркінбек Аязбаев, қала әкімінің орынбасары Асқар Нұрғазиев қатысты.
Көрмеден екі ел арасындағы мәдени-достық шараларды насихаттайтын фотосуреттерді тамашалап, құнды мақалаларды оқуға болады. Кітапхана директоры Хабиба Ақжігітова келген қонақтарға өздері атқарып жатқан істер жайлы да айтып берді.
Оңдасын ЕЛУБАЙ, Өскемен.