"Азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында, сондай-ақ өздері, ерлі-зайыптылар немесе жақын туыстары үшін емделудің ақысын төлеуге пайдалана алады. Мақсатты пайдалану үшін осы отбасы мүшелерінің қаражатын біріктіруге болады", - деді Біржан Нұрымбетов.
Оның айтуынша, белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда азаматтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін бір немесе басқа мақсатқа қайта пайдалана алады. Атап айтқанда, тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану, тұрғын үй (бастапқы және қайталама нарықта) немесе жер учаскесін сатып алу, ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру немесе өтеу (кез келген екінші деңгейдегі банкте, кез келген бағдарлама бойынша), өз тұрғын үйін салу немесе жөндеу мүмкіндігін және тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін қолдана алады.
"Зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып сатып алынған тұрғын үй 5 жыл өткеннен кейін ғана сатылуы мүмкін. "Бір терезе" қағидаты бойынша зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жасқартуға мақсатты пайдалануға уәкілетті оператор ретінде қайта құрылатын "Отбасы банкі" ("Тұрғын үй жинақтаушы банкі" АҚ) ұсынылады. Зейнетақы жинақтарын төлеу есебінен тұрғын үй жағдайларын жақсарту тәртібін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бекітеді", - деді министр.