Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Қорқыт ата халықаралық әуежайына айыппұл салынды

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата халықаралық әуежайына айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қорқыт ата халықаралық әуежайына айыппұл салынды

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "ҚЖЭО" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының "Қазалы-Теміржолжылу" филиалына және "Қорқыт ата әуежайы" АҚ-ға "Табиғи монополиялар туралы" заңның 26-бабы, 2-тармағы, 15-тармақшасында белгіленген міндетті сақтамағаны үшін айыппұл салды.

Бұл компаниялар өткен жылы тарифтік сметаны орындамағаны үшін жазаланып отыр. Осы үшін Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 164-бабы 5-бөлімі бойынша 2 әкімшілік өндіріс қозғалған.

Субъектілер жалпы сомасы 2,5 млн теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта департаменттің әкімшілік айыппұл салу туралы қаулысы заңды күшіне енген жоқ және субъектілер оған қарсы шағым беруге құқылы.

 

Соңғы жаңалықтар