Президент • 03 Қыркүйек, 2020

Президент Ақтоты Райымқұлованы қабылдады

118 рет көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрлік қызметінің қорытындылары, атап айтқанда, мәдениет, спорт, туризм, тіл саясаты, ономастика мәселелері, архивтер бойынша атқарылған жұмыстар жайында баяндалды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының бұған дейін берген тапсырмаларының нәтижелері туралы есеп берілді, - деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәдениет және спорт министрі бұқаралық спортты дамыту жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын атап өтіп, мәдениет қызметкерлерінің еңбек ақысын көбейту мақсатында қолға алынған бастамалар туралы айтты. Қазірдің өзінде мәдениет қызметкерлерінің жалақысы жергілікті жерлерде 35%, ал республикалық деңгейде 50% артқан. Бұдан бөлек, министрліктің пандемия кезінде өткізген онлайн шаралары жөнінде де мәлімет берді.

Сонымен қатар Ақтоты Райымқұлова Президентке қазақстандық спортшылардың алдағы Олимпиада ойындарына дайындығы, жаңадан ашылғалы жатқан Туризм және меймандостық университетінің жұмысы жайында айтты.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауда айтылған басым бағыттарды тиісті деңгейде жүзеге асыруға, ел арасында бұқаралық спортты кеңінен насихаттап, оны одан әрі дамытуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Сондай-ақ латын әліпбиін енгізу мәселесінде асығыстық жасамай, жұмысты ғалымдармен жан-жақты сараптай отырып жүргізу керек екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Құрттың ішінен есірткі табылды

Аймақтар • Бүгін, 09:43

«Астана» көш бастады

Спорт • Бүгін, 09:40

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Қазақстан • Бүгін, 09:20

Жартылай финалда сүрінді

Теннис • Бүгін, 07:56

Көкпар – ұлттық мінез

Руханият • Бүгін, 07:50

Ақ үйдің алғашқы мейманы

Әлем • Бүгін, 07:38

Ескі үйлерді есіркеген жоба

Аймақтар • Бүгін, 07:33

Рамзайдың «жұмбағы»

Сұхбат • Бүгін, 07:13

Нар тұлға

Руханият • Кеше

Екпе салдыру өзекті

Медицина • Кеше

Ұқсас жаңалықтар