Технология • 03 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның әскери қызметшілері жаңа техниканы зерттеді

1216 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің қорғаныс ведомствосының делегациясы Мәскеу маңындағы "Патриот" конгресс-көрме орталығына жұмыс сапарымен барды. Бір апта ішінде аталған көрмеде әлемнің 92 елінің өкілдері қатысқан ауқымды халықаралық қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесі өтті", - деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстанның әскери қызметшілері жаңа техниканы зерттеді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабы бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектановтың басшылығымен жұмыс тобы "Армия-2020" халықаралық әскери – техникалық форумына қатысты. Биыл форумның басталуы Армия халықаралық ойындарының ашылуымен тұспа-тұс келді. Форумға статикалық көрме экспозициялары, демонстрациялық және ғылыми-іскерлік бағдарламалар кірді.

Қазақстандық делегация қару-жарақ пен әскери техниканы дамытудың негізгі бағыттарымен танысты. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің ірі өндіруші өкілдерімен кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Қазақстан тарапына қару-жарақ пен әскери техниканың жекелеген үлгілері көрсетілді.

Атап айтқанда, демонстрация ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдану саласына қатысты болды. Әуе барлау кешендері мен ұшқышсыз аппараттарды табу, анықтау мен алып жүрудің жеке жүйелерін, ұшқышсыз ұшу аппаратынан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды қашықтықтан анықтау кешенін, броньға қарсы бұйымдарды ұсынған. Сонымен қатар, инженерлік тұрғыдан алғанда, қашықтықтан тазарту машинасы үлкен қызығушылық тудыруда. Ол зымыран кешенінің құрамына кіріп оның жауынгерлік патрульдеу бағытында қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Бұл тізімге сондай-ақ орта әуе шабуылына қарсы қорғаныстың соңғы жүйелері де кірді. Форумға қатысушылар біздің делегацияға мемлекеттік басқару органдары үшін бағдарламалық-аппараттық кешендерді, ақпараттық қауіпсіздік және байланыс жүйелерін әзірлеу, өндіру, енгізу саласындағы кәсіпорындар мүмкіндіктерін таныстырды.