Аймақтар • 03 Қыркүйек, 2020

Рейд барысында екі автобетонараластырғышқа 10 хаттама толтырылды

115 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұлар "Петропавл-Жезқазған" автожолының "Петропавл-Подгорное" бағыты бойынша бетон тасымалдап жүрген. СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының қызметкерлері  мен облыстық көліктік бақылау инспекциясының өкілдері оларды тоқтатып, тексергенде ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері тарапынан бірнеше бұзушылыққа жол берілгені анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рейд барысында екі  автобетонараластырғышқа 10 хаттама толтырылды

Алдымен екеуінің де салмақ параметрлері рұқсат етілген шектен асып кеткен. Сонымен қатар жүкқұжаттары, жолдама парақтары болмаған, рейс алдында техникалық байқаудан өтпеген. Оның үстіне тасымалдалды  өзге мемлекетте тіркелгеніне қарамай жүргізген. Нәтижесінде тасымалдаушыға қатысты 10 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Айдын Байматовтың айтуына қарағанда автокөлік жүргізушілері мен жолаушылардың, велосипедшілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі жолдың жағдайына тікелей байланысты. Ауыр жүк көліктерінің бекітілген стандарттарды бұзуынан жаңа төселген тас жолдар бүлінеді. Барлық мүдделі ведомстволардың тараптарынан ұдайы профилактикалық жұмыстар жүргізілген жағдайда ғана жолдарды сақтап қалу мүмкін болады.

Жыл басынан бері СҚО Полиция департаменті мен Көліктік бақылау инспекциясы бірлесіп, 60-қа тарта рейд өткізілді.

Солтүстік Қазақстан облысы