Экология • 03 Қыркүйек, 2020

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы өзгереді

791 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазгидромет 4 қыркүйекке сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Қазақстанның бірнеше аймағында ауа райы өзгереді

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай күтіледі. Сол түстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/скүтіледі.

4-6 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күші 15-20 м/скүтіледі.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Күндіз батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с дейін күшейеді.

4 қыркүйекте таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.Күндіз төтенше өрт қаупісақталады.

Қостанай облысының солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.